Президентке Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейінгі ахуал туралы баяндалды

28 Наурыз, 18:00 902

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.

EL.KZ
Бөлісу: