ЖДСП партиясынан президентікке үміткер Нұрлан Әуесбаев «Ауыл» партиясын дебатқа шақырды, деп хабарлайды El.kz.
«Мен Нұрлан Әуесбаев ЖСДП партиясынан президентікке үміткермін. Жақында «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев мені ашық дебатқа шақырыпты. Мен ешкімнен де қорықпаймын! Маған қарсы шыққан кез келген тұлғамен дебатта кездесуге дайынмын! Орталқ сайлау комиссиясынан келесі аптада халықаралық коалиция өкілімен республикалық деңгейде дебат өткізуді талап етемін»,–деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.