Президент Бағдат Мусинге ескерту жасады

14 Шілде 2022, 13:04 1368

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент министр Бағдат Мусиннің жұмысын сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Ұлттық деректер банкін құру бағытындағы жұмысына қанағаттанбайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz

«Үкімет Ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауға тиіс. Цифрландыру ісі баяу жүріп жатыр. Менің ойымша, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған «Зерде» ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде Премьер-Министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-Министрді ұятқа қалдырып отырсыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бөлісу: