Президент журналистерді марапаттады

27 Маусым 2023, 13:45 843

Қазақстан Президенті кәсіби мереке қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттады.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
■ «31 арна» телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
■ «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
■ «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
■ «Orda.kz» ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
■ «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;
■ «Tengrinews.kz» ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
■ «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:
■ «Время» газетінің шығармашылық ұжымына;
■ «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;
■ «Kaztag» ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
■ «TDK-42» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.

EL.KZ
Бөлісу: