Президент жергілікті органдарды тексеретін комиссия құруды тапсырды

1 Желтоқсан 2022, 09:09 1233

Президент жұмысты он күн ішінде аяқтауды тапсырды

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құрылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.

EL.KZ
Бөлісу: