Президент Жамбыл облысындағы кітапханаларға 500 кітап сыйлады

12 Шілде, 02:29 660

Мемлекет басшысы «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында Жамбыл облысындағы ауыл кітапханаларына кітап сыйлады. Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев кітапхана басшыларына Президенттің тартуын табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаеваның - 126 жылдығына орай Т.Рысқұлов ауданы Луговой станциясына, қазақтан шыққан тұңғыш әйел дипломат Балжан Бөлтірікованың – 103 жылдығы аясында Қордай ауданы Әлжан Ана ауылына және композитор Сыдық Мұхамеджановтың – 100 жылдық мерейтойына орай Меркі ауданы Ойтал ауылына сый кітаптар жіберді. Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай ақын, сатирик Шона Смаханұлының –100 жылдық мерейтойы аясында Талас ауданы Ойық ауылына және журналист, жазушы Қарауылбек Қазиевтің – 85 жылдығына орай Шу ауданы Көктөбе ауылына кітаптар жолдады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған 5 ауылдық кітапханаға қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектер, балалар әдебиеті, сұранысқа ие авторлардың шығармалары топтастырылған 100 кітаптан сыйға тартылды.

Айта кетейік, акция шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Перизат Саденова
Бөлісу: