Президент жаһандық жылыну қарқынын қалай бәсеңдетуге болатынын айтты

1 Желтоқсан 2023, 19:10 1195

Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін ең жылдам тәсілді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Метан қалдықтарын азайту – жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін ең жылдам тәсіл. Сондықтан Қазақстанның Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуға шешім қабылдағанын зор қуанышпен мәлімдеймін. Сонымен қатар біздің аймақтағы елдердің көмірге қатысты түйткілді проблемалары бар. Осы мәселені шешу мақсатында Қазақстан өңірде бірінші болып Әділетті энергетикалық жүйеге көшу жөніндегі серіктестік бағдарламасын (JETP) іске асыруға ұмтылыс жасап отыр. Аталған екі бастама табысты орындалуы үшін достарымыз бен серіктестерімізді қолдау көрсетуге шақырамыз, - деді Президент. 

Сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың климат бағытындағы бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға қатысты өз міндеттемелерін күшейтетініне сенім білдірді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: