Президент ҰҚК-нің бірнеше орынбасарын қызметінен босатты

16 Қыркүйек, 09:32 450

Президент өкімдерімен бірнеше адам қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: