Президент Ұлттық құрылтайдағы бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды

1 Сәуір, 11:44 464

Бүгін мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды. 53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірледі. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қариннің айтуынша, жоспарда президенттің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы тапсырмаларын орындауға қатысты нақты қадамдар көзделген.

Мемлекет басшысының гуманитарлық бастамаларын жүзеге асыру үшін:

Қарин шекара маңындағы аудандарды дамыту, ғылым қалашықтарын құру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы жеке заңдар қабылданатыны да алға тартты.

Жалпы, президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамалары мен берген тапсырмалары мемлекеттік органдар үшін де, бүкіл қоғам үшін де еліміздің ұзақ мерзімге арналған даму бағдарын айқындайды, - деп жазды мемлекеттік кеңесші.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: