Президент үкіметке "Арселор МитталТеміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

28 Қазан 2023, 10:29 1263

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Сонымен бірге, үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырды.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 16-ға жетті. 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Асқар Таудай
Бөлісу: