Президент Тоқаев Бішкекке ресми сапармен барды

13 Қазан 2023, 12:42 1189

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке ресми сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қырғызстан астанасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басшыларының отырысына қатысады.

Қазір президенттер «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясына барған, ол жерде оларды Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сонымен қатар Бішкекке Ресей, Әзербайжан мен Беларусь президенттері Владимир Путин, Ильхам Әлиев және Александр Лукашенко барған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: