Президент сайлауы. Түркияның шетелдегі азаматтары үшін дауыс беру басталды

21 Мамыр 2023, 00:27 937

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңі аясында шет мемлекеттер мен шекара маңындағы бекеттерде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

«Анадолы» агенттігінің мәліметінше, сайлауда әлемнің 73 елінде 167 учаске жұмыс істеп тұр.

Түркияның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде дауыс беру мерзімі  24 мамырға дейін жалғасады.

Сайлау республиканың шекарамаңы пунктерінде жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында 28 мамыр, сағат 17.00-де аяқталады.

Бюллетеньдерді Анкараға жоғары қауіпсіздік режимін сақтай отырып,  дипломатиялық курьерлер жеткізеді.

Дауыстарды санау 28 мамыр, сағат 17.00-ден кейін – Түркияның өз ішінде дауыс беру аяқталған уақытта басталады.

Берік Арманов
Бөлісу: