Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 Мамыр, 09:33 1359

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Ол 71 жасқа толып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл күн - әдеттегі жұмыс күні. Ол жұмыс орнында болады. 

Мемлекет басшысы былтыр да дәл осындай ұстанымда болды.

Бұл - Президенттің ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-аналардың да туған күндерін атап өту әдетке айналмаған, - деп түсіндірді Берік Уәли tengrinews.kz тілшісіне.

Бұл күнге байланысты ешқандай іс-шаралар жоспарланбайды, әкімшілік қызметкерлерінен де құттықтаудан бас тарту сұралған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: