Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды

27 Қараша 2022, 22:43 1050

Мемлекет басшысы ертең Ресей президентімен келіссөз жүргізеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды El.kz БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеудегі «Внуково-2» әуежайында Ресей тарапы қарсы алды.

Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

EL.KZ
Бөлісу: