Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге жұмыс сапарымен барды. Ақорда мәліметінше, Президент климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында мемлекеттер басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді деп күтілуде.