Президент Польша Республикасының басшысын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11 Қараша 2023, 12:49 1156

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз, - деп жазылған жеделхатта.
Асқар Таудай
Бөлісу: