Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

9 Тамыз 2023, 17:09 1031

Көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы кәсіпорындардың өнімдер көрмесін аралап көріп, жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесті.

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әңгімелесу барысында Президент шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда соны серпіліс жасап, қажетті ынталандырулар мен преференцияларды пысықтау қажет екенін айтты.

EL.KZ
Бөлісу: