Президент: Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет

30 Наурыз 2023, 11:49 620

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инфляцияны тежеу қажет, биыл оны кемінде екі есеге төмендету керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.


«Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек», - деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Миражан Махан
Бөлісу: