Президент Іс Басқармасы жаңадан ашылған облыстарға 13 автокөлік жіберді

21 Қазан 2022, 16:14 1238

Абай және Ұлытау облыстарының әкімдері көлікпен қамтамасыз етуді сұраған

Жаңадан ашылған Абай және Ұлытау облыстарының әкімдері ҚР Президентінің Іс Басқармасына хат жазып, көлікпен қамтамасыз етуді және және автокөліктерді коммуналдық меншікке беруге көмектесуді сұрады, деп хабарлайды El.kz Басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ПІБ аймақ басшыларының өтініштерін қаперге алып, соның негізінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығымен және екі облыстың коммуналдық меншігіне мемлекеттік мүлікті қабылдау-беру актісімен 2008-2012 жылдары шыққан 13 Mercedes-Benz және Skoda автокөліктерін жіберді: Ұлытау облысына – 8 машина, Абай облысына – 5 машина.

ҚР ПІБ жаңадан ашылған облыстарды қосымша елімізде құрастырылған автокөліктерді беру арқылы қолдау мүмкіндігін қарастырып отырғанын айта кетейік.

Сондай-ақ, жуырда орталық атқарушы мемлекеттік органдардың басшылығына арналған немістің Mercedes Benz көліктерін біртіндеп Қазақстанда құрастырылған KIA көлігімен алмастыру жоспарланған.

Бөлісу: