Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС+» аутрич форматындағы жиынында сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президенті біздің еліміз Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтауға, егемендікті қорғауға, көпжақты тәсілдерді қолдануға және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған жаһандық қауіпсіздік саласындағы бастамасын қолдайтынын атап өтті.