Заңда көрсетілген талаптарға сәйкес үміткердің құжаттары қабылданып, кішігірім ескертпе жасалды. Президенттікке үміткер кандидаттың есімі - Бақыт Жаңабаев. Кандидат «Қазақстан әуесқой футболшылар» ҚБ атынан ұсынылып отыр.
«Бұл шешім аяқастынан болды. Біздің қоғамдық бірлестіктің жұмысы еліміз үшін көптеген қызметтер атқарып келеді. Бәріміз жұмыла кіріссек, шешілмейтін мәселе жоқ. Мен Президент болуды көздеймін», - деді ол.