Президент бірқатар заңға қол қойды

2 Қазан 2023, 19:50 854

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік рәсімдерді жетілдіру бойынша өзгеріс енгізілген заңға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорданың ресми сайтына шыққан құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Берік Арманов
Бөлісу: