Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

29 Желтоқсан 2023, 12:49 1453

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше шенеунікті қызметінен босатты, деп хабарлайды  Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен:

- Қайрат Иматұлы Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан;

- Ерлан Сапарұлы Оразбай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан;

- Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: