Президент ауа райына байланысты астық өндірушілерге қолдау көрсетуді тапсырды

16 Қыркүйек 2023, 14:27 522

Мемлекет басшысы күзгі жиын-терін мезгілінде ауа райының қолайсыздық тудыруына байланысты арнайы тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп жазылған Ақорда таратқан мәліметте. 

Асқар Таудай
Бөлісу: