Президент Армения премьер-министрімен сөйлесті

8 Желтоқсан 2023, 14:11 1349

Мемлекет басшысы Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара байланыстарды нығайтуға белсенді саяси диалог және екі мемлекеттің үкіметтері мен парламенттері деңгейіндегі ықпалдастық септігін тигізетінін айтты. Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстерінің іске қосылуын оң бағалады. Соның нәтижесінде бизнес-байланыстар мен туристік сапарлар айтарлықтай жандана түсті.

Тараптар перспективті бағыттардағы, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі арттыру мәселесін талқылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: