Президент Ақордада ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды

3 Шілде, 10:19 277

Ақордада Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды.

Екі елдің басшылары ресми делегация құрамымен танысты.

Салтанатты рәсім залында құрмет қарауылы сап түзеп, мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. 

Содан кейін арнайы оркестрдің сүйемелдеуімен екі елдің мемлекеттік гимні орындалды.

Одан кейін президенттер отырыс залына қарай бет алды.

Миражан Махан
Бөлісу: