Президент Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

21 Қараша 2022, 15:26 823

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі нығаю перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

EL.KZ
Бөлісу: