Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан президентін король II Абдалла бен әл-Хусейн мен тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барғаны туралы жазғанбыз.
Сапар аясында король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.