Президент 21 ақпанда Ресейге барады

20 Ақпан, 19:32 679

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 21 ақпан күні Қазан қаласында өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады

Аталған іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ басқа да бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: