Премьер-министр ресми сапармен Грузияға барды

22 Маусым 2023, 21:05 916

Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия премьер-министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Грузия астанасында Әлихан Смайылов ел премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді. Оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.

Бұған дейін Әлихан Смайлов Бакуге барған болатын

EL.KZ
Бөлісу: