Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігінің алдына есірткіге қарсы күресті күшейту үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талдау міндетін қойды.
Бүгінгі таңда тыйым салынған заттарды тұтыну деңгейі төмендемейтіні атап өтілді, бұл ретте таралу тәсілдері кеңейіп келеді. Әсіресе түнгі клубтарда есірткіні насихаттау және сату белсенді жүргізілуде. Оны таратуға 14 жасқа дейінгі балалар қатыса бастады.
Әлеуметтік желілер арқылы оңай сатып алуға болатын есірткінің жаңа түрлері пайда болуда. Осыған байланысты, Ішкі істер министріне жауапты бөлімшелердің жұмысын қатаң түрде бағалауды және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын, – деп атап өтті Олжас Бектенов.