Пойыздағы тарақандарға қатысты ҚТЖ пікір білдірді

2 Ақпан, 11:19 1633

Қазақстандықтар пойыздардан тарақан көріп, көп шағымдана бастаған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жақын күндері Алматыдан Қостанайға жолға шыққан жолаушы өз купесінен тарақан көріп, суретке түсіріп алыпты. Осыған қатысты ҚТЖ баспасөз қызметі жауап берді.

Елімізде ұлттық тасымалдаушылармен қоса, жеке тасымалдаушылар да бар. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитариялық ережелерге сәйкес рейске шығар алдында әр вагон дезинфекцияланады. Пойыздарда санитариялық тазалауды жүргізу үшін бейінді компаниялар тартылады, - деп атап өтті компания.

Дезинфекциядан кейін жәндіктер шықса қайта тазартудан өткізіледі.

Пойыздарды өңдеу үшін жолаушылардың денсаулығына қауіп төндірмейтін құралдар қолданылады, - дейді ҚТЖ.

Баспасөз қызметі өкілдері вагондар 6-8 сағатқа жабылып, содан кейін рейске жіберілетінін мәлімдеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: