Польша астанасында ірі сауда орталығы өртенді

12 Мамыр, 14:39 615

12 мамыр, жексенбі күні, Польша астанасында ірі сауда орталығы өртке оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Варшаваның Бялолек ауданындағы сауда үйінде 1400 дүкен мен қызметкер көрсету орны бар екен.

Жергілікті билік орталықтың 80 пайызы отқа оранғанын, құтқару жұмыстарына 50 команда, оның ішінде химикаттар мен қоршаған ортаны қорғау мамандары да жұмылдырылғанын алға тартты.

Әлеуметтік желіде тараған видеода аудан көк түтінге оралғанын көруге болады.

Билік өкілдері тұрғындарға үйдің тезелерін жауып, көшеге шықпауға кеңес берді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: