Полиция елорда әкімдігінде болған төбелеске түсініктеме берді

26 Шілде 2022, 16:34 1585

Әкімдік ғимаратына бейтаныс әйелдер келіп, тәртіп бұзған

Полиция Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде төбелес шығарған әйелдердің ісі тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Полицияға 25 шілде күні сағат 11:12 кезінде Бейбітшілік көшесінде орналасқан әкімдік ғимаратына бейтаныс әйелдер келіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ер адамды сабағаны туралы хабарлама келіп түсті», делінген департамент хабарламасында.

Оқиғадан кейін екі жақ бір-бірінің үстінен полицияға арызданғаны анықталды.

«Кикілжіңге қатысушылардың екі тараптан да бір-біріне шара қолдану керектігі туралы арыз түсті. Бұл факті «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылданады», делінген хабарламада.






Бөлісу: