Полиция жастардың жаппай төбелесіне қатысты түсініктеме берді

16 Қыркүйек 2023, 20:10 730

Полицейлер желіде тараған жастардың жаппай төбелесінің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Видео авторының сөзінше, ұлы мен оның екі досын белгісіз біреулер ұрып-соғып, телефонын тартып алып, бірінің көзіне оқ атқан.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушылары мен мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары қолға алынды, - делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Берік Арманов
Бөлісу: