Полиция Сарыағаш аударында айуандықпен өлтірілген 5 жастағы қыздың өліміне қатыст мәлімдеме жасады

22 Шілде 2023, 17:56 2792

Таяуда Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қызды 4 адам зорлағаны жайында тараған ақпараттың жалған екені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шулы оқиғаға қатысты Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты жария етті. 

Түркістан облысының полиция департаменті Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөзге ғана сүйенуге кеңес береді. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тергеу нәтижесімен аталған қылмыстық әрекетті тек бір күдіктінің жасағаны дәлелденіп, ол қамауға алынған. Өзге адамдардың қатысы болуы мүмкін деген деректер мен дәлелдер жоқ, - деп жазылған Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратушыларға ҚР ҚК 274-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертіп отыр. 

Бұған дейін, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз бала кісі қолынан жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған еді. Кейін Жібек жолы ауылында болған қылмысқа қатысты күдікті ұсталды. Пышақ жарақаттарынан жан тапсырған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілдеде жерленді. Қайғылы оқиғаға қатысты Мемлекет басшысы пікір білдіріп, арнайы органдарға істі жіті бақылауға тапсырған болатын. 

Асқар Таудай
Бөлісу: