Полиция қызметкерлері жолда қалғандарға ыстық шай жеткізді

16 Ақпан, 20:38 653

Полиция қызметкерлері тонған жүк көліктердің жүргізушілерін ыстық шай жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

15 ақпанда сағат 19.00-ден бастап біздің өңірде дизель отынымен жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқышы бар көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді.

Ауысымға кірер кірмес Астана-Петропавл автожолы бойында жүргізушілері тонып бір сағаттай тұрып қалған КамАЗ маркалы екі мұздатылған фураны көрді. Олар дереу қызметтік көлікке отырғызылып, бойлары жылыну үшін ыстық шай берілді. Сондай-ақ, Жақсы-Есіл-Бузылык автожолында 54 адам оның ішінде 3 бала эвакуацияланып, Жақсы кентінің №1 ЖББМ жылыту пунктіне жеткізілді. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары, медициналық көмекке мұқтаж емес, – деді полиция қызметкерлері.

Құқық қорғау органдары аймақ тұрғындары мен қонақтарына қатты аязда жолға шықпауға және қажетсіз ешқайда бармауға кеңес береді.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: