Полиция қызметкерлері штаттық режимде қызмет атқаруды жалғастыруда

19 Наурыз 2023, 20:19 1344

Қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі ахуал тұрақты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы «Сайлау 2023» online марафонында ІІМ Әкімшілк полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбеков мәлімдеді.

 Ол комиссия төрағаларының актілері бойынша дер кезінде шешілген елеусіз оқиғалар орын алып жатқандығын айтты.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасының мәліметінше сайлау учаскелеріне барлығы 32 азамат шығарылған. Құқық бұзушылықтардың негізгі себептері сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау, учаскеде бейне түсірілім жүргізу және комиссия мүшелеріне дөрекі мінез-құлық көрсету болған.

"Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында бюллетендерді бүлдірудің 3 дерегі тіркелді.  Сайлау учаскесіне мас күйінде келген 4 қоғамдық тәртіпті бұзушылық орын алды. Олар Алматы, Шығыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында болған. Құқық бұзушылар куәландырылды. Сонымен қатар оларға ҚР Әкімшілк кодексі бойынша 444, 434  баппен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері шттық режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. 506 жабық сайлау учаскелерінің 433-де дауыс беру аяқталды», деді Қайсар Сұлтанбеков.

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: