Полиция подполковнигі Ғылым министрлігі байқауының жеңімпазы атанды

8 Наурыз, 13:35 441

Құқық қорғау органдарының тарихында алғаш рет ІІМ өкілі Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған беделді ғылыми байқаудың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл байқау Мемлекет басшысының жас ғалымдарды қолдау бойынша тапсырмасына сәйкес өткізіліп, қоғам үшін маңызды ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған.

700 қатысушының ішінен құқық қорғау органдарының жоғары марапатқа ие болған жалғыз өкілі – Алматы академиясының қызметкері полиция подполковнигі, PhD докторы Эльмира Насырова. Аталмыш марапат ІІМ жүйесі үшін үлкен маңызға ие. Ол ведомстволық ғылымның құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін айқындайды.

Сонымен қатар ІІМ ведомстволық ғылымы қазіргі заманның ең өзекті қауіп-қатерлерін зерттеп, оларды шешуде маңызды рөл атқарады.

Олардың ішінде:

Тәжірибе көрсеткендей, бұл зерттеулер қазіргі заманғы қылмыстық әлемнің өзгеріп, жаңа формаларға ие болуына байланысты аса қажет. Ғылыми-зерттеу саласындағы елеулі жетістіктері мен қосқан үлесі үшін полиция подполковнигі Эльмира Насырова Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтерге тұрғын үй сертификатымен марапатталды.

Марапаттау рәсімі Астанада ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өтті. Құқық қорғау органдарындағы ғылым жоғары деңгейде дамып, мемлекеттен қолдау тауып келеді.

Құқықтық тәртіп саласында жұмыс істейтін жас ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда, сондай-ақ заманауи қауіп-қатерлерді шешуге арналған ғылыми тәсілдер жетілдірілуде. Эльмира Насырованың жетістігі құқық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді одан әрі дамытуға үлкен серпін береді. Бұл өз кезегінде қылмыспен күресте тиімділікті арттырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: