Полиция павлодарлықтың жоғалған 72 жылқысын тауып берді

22 Ақпан, 16:28 1522

Павлодар облысында полиция тұрғынның жоғалған 72 жылқысын тауып берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылындағы «Рамазан» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Рамазановтың арызы түсті.

Осы жылдың басында менің шаруашылығымнан 72 бас жылқы жоғалып кетті. Боран мен аязда мен өз күшіммен жылқыларды іздедім, бірақ одан ештеңе шықпады. Сол кезде мен Ақтоғай ауданының полициясына жүгіндім, - дейді зардап шегуші.

Жылқыларды іздестіру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Полицейлер жақын маңдағы аумақтар мен қозғалыс бағыттарын мұқият зерттеді. Қажырлы және сауатты әрекеттерінің арқасында жылқылар табылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: