Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемдегін ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШСбасшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған. Соңғы аталғандар да бұрын ұсталып, қазір үстерінен тергеу жүргізіліп жатыр, - дейді ҚР ІІМ Криминалды полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.