Полиция атынан қоңырау шалып 43 млн теңгесін алып кеткен: Қостанайда 4 алаяқ ұсталды

17 Шілде 2023, 13:30 778

Қостанай облысында полицияның атынан қоңырау шалып, тұрғындарды 43 млн теңгеге шығынға батырған 4 алаяқ ұсталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы  Жандос Сүйінбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, полиция және банк қызметкерлерінің атынан хабарласу фактісіне байланысты бірнеше дерек тіркелді.

Павлодар облысы ПД «CyberPol» нысаналы тобы банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық әркеттер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруды ұйымдастырған Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды, - деді ол.

Қазіргі уақытта осындай 20 қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Келтірілген залал шамамен 40 млн теңге құраған.

Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерлерінің атынан тұрғындарға қоңырау шалу арқылы интернет алаяқтықтың 8 фактісін жасаған облыстың 4 тұрғыны ұсталды. Келтірілген залал 43 млн теңге, - деді Жандос Сүйінбай. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда «CyberPol» қызметкерлері тұрғындарды 80 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтағанын жаздық. Сондай-ақ, елімізде бір апта ішінде 2913 қылмыс жасалғанын хабарладық. 

 

Миражан Махан
Бөлісу: