Полиция адам саудасына байланысты 20-дан астам қылмысты анықтады

15 Қыркүйек 2022, 09:34 1141

Жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастырудың немесе ұстаудың 28 фактісі анықталды

“Stop-трафик” операциясының кезекті кезеңінде полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған 20-дан астам притонды анықтады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қыркүйек айында өткен кең ауқымды “Stop-трафик” операциясы барысында полиция қызметкерлері адам саудасына байланысты 20-дан астам қылмысты анықтады. Оның ішінде біреуі қанау мақсатында адамды ұрлау фактісі бойынша, адам саудасы бойынша – 3, жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі – 4, оның ішінде 2 кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту фактісі бар, кәмелетке толмағандарды сатудың 5 дерегі тіркелді. Жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастырудың немесе ұстаудың 28 фактісі анықталды. 

Бұдан басқа, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар бергені үшін 20 әкімшілік құқық бұзушылық және интимдік қызметтер мен қайыр сұрауға байланысты 294 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Шымкент қаласының ПД полиция қызметкерлері құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан.

Бөлісу: