Полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам дабыл түскен

18 Қазан 2022, 10:12 1227

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты

Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам дабыл келіп түскен, деп хабарлайды El.kz

«Олардың көпшілігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орын алған. Бірақ, жартысынан астамы бойынша полиция тиісті шара қолдана алмады. Өйткені, полиция оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан. Олардың көлемі 62 пайызды құрады», - деді министр Марат Ахметжанов.

Бөлісу: