Полицейлерге пара берген Беларусь азаматы ұсталды

3 Қазан 2023, 09:01 1183

Батыс Қазақстан облысында Беларусь Республикасының азаматы полиция қызметкерлеріне пару беру кезінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол ҚР жолда жүру ережесін бұзып, полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 мың рубль көлемінде пара ұсынған. Оқиға орнына Теректі аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты «Келуге міндетті» түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: