Полицейлер ұрланған үш көлікті иелеріне қайтарды

21 Мамыр, 12:34 562

Алматыда полиция қызметкерлері ұрланған көліктерді иелеріне табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Криминалдық полицияның мәліметінше, 33 жастағы ер адам үш ұрлыққа және екі пәтерді тонаған деген күдікпен ұсталды.

Үш шетелдік автокөлік табылып, өз иелеріне қайтарылды. Күдіктінің екі пәтер тонауға қатысы бар екендігі белгілі болды: ұрлық жасамас бұрын ол бөтен адамдардың үйіне кіріп, көліктің кілтін ұрлап, кетіп қалған. Күдікті қазір қамауда. Оның жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деп түйіндеді  Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: