“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері елорданы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары күнделікті қызметтік формаларын жұмыс киіміне ауыстырып, қолға күрек алды. Олар ағаш отырғызып, аумақты қоқыстан тазартты. Айта кетейік, ауқымды экоакция азаматтардың бойында табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға, “заң мен тәртіп” қағидатын сақтауға, сондай-ақ вандализммен күресті күшейтуге бағытталған.