Полицейлер шетелдіктен героин мен психотроптық заттар тәркіледі

28 Қаңтар 2023, 20:05 1493

Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда

Полицейлер шетелдіктен героин мен психотроптық заттар тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысының Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына ҚР ҰҚК Шекара қызметінен есірткі тасымалдау дерегі бойынша хабарлама келіп түсті.

«Жібек жолы» өткізу пунктінде қызметтік итті пайдаланған шекаралық наряд Өзбекстан азаматын ұстаған. Тексеру кезінде азамат киімінің қалтасында шамамен 2 грамм болатын есірткі заты бар екенін мойындайды.

Ал тінту жүргізген полицейлер күдіктінің сырт киімінің қалтасынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар екі пакетті тапты. Зерттеу қорытындысына сәйкес пакеттің бірінде салмағы 0,2 грамнан асатын психотроптық заты бар екендігі анықталды. Ал келесісінде салмағы шамамен 0,04 грамм болатын героин екені расталды.

Қазіргі уақытта осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабының 2-бөлігі «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

EL.KZ
Бөлісу: