Полицейлер Қызылорда облысында есірткі өсіретін фитозертхананың жұмысын анықтады

Кеше, 07:32 298

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда облысында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 40 жастағы ер адамды ұстады, -деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Cырдария ауданының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген. Тінту барысында ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді.

Жалпы 2,7 келі кептірілген марихуана және 10 келі қарасора өсімдігі анықталды.  Күдікті ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
 

Асқар Таудай
Бөлісу: