Полицейлер қараусыз қалған ғимараттың 4-қабатынан ер адамды құтқарып қалды

4 Қаңтар, 23:02 1114

Қостанай облысында полицейлер белгісіз ер адамның биіктіктен құлап кетуінің алдын алды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 4 қаңтарда Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде сағат күндізгі 12-лер шамасында болған. Белгісіз ер адамның қараусыз қалған ғимараттың 4-қабатындағы қоршалмаған балконында жатқанын байқаған тұрғын дереу полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына 4 минут ішінде жеткен.

Мен гаражыма барып, қараусыз қалған ғимараттың жанында тұрған таныс көлікті көрдім. Жан-жағына қарай бастадым да, қоршалмаған балконның шетінде жатқан адамды байқадым. Бірден полицейлер мен жедел жәрдем шақырдым, - деп атап өтті оқиға куәгері.

Құсмұрын кенті полиция бөлімінің бастығы Аманкелді Әбдірахиев пен ювеналды полицей  Қайрат Асқаров ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, медицина қызметкерлеріне оны жедел жәрдем көлігіне жеткізуге көмектескен.

Қазір ер адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оның қараусыз қалған ғимараттың балконына неліктен барғаны анықталуда.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: